CҚО-да Мемлекет басшысы суреттерінің бірегей көрмесі ашылды (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласындағы облыстық мұрағатта ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында «Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті» атауымен көрменің ашылуы өтті.

«Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті» көрмесінде облыстық мұрағат Н.Ә.Назарбаевтың 1990-1991 жылдары Солтүстік Қазақстан облысында болған кезіндегі бірегей фотоқұжаттарын шығарды. Біздің мұрағатымыздың ғана емес, Алматы қаласындағы ҚР Президенті мұрағатынан және ресейлік кинофотоқұжаттар мемлекеттік мұрағатынан алынған құжаттар бар. Көрменің мақсаты - Мемлекет басшысының Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру және дамытудағы рөлін көрсету», - деп баяндады Солтүстік Қазақстан облыстық мұрағатының директоры Сәуле Мәлікова.

Көрменің аясында СҚО-ның 2016 жылда танымал және естелік даталары» атты күнтізбенің тұсаукесері де өткізілді. Күнтізбеге 331 дата мен 22-ден астам ақпараттық анықтама кіреді. Дәстүр бойынша өлке тарихы, оның экономикалық, ғылыми, мәдени өмірінің ең маңызды оқиғалары енгізілген. Есімдері облыс тарихымен тығыз байланысты атақты адамдардың өмірбаяндарына ерекше көңіл бөлінген. 2016 жылдың басты оқиғасы - ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы.

Соңғы жаңалықтар