CҚО-да интернет арқылы есірткі сатушы ұсталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда синтетикалық есірткіні таратушы қолға түсті. Қала полицейлері 29 жастағы тұрғынды тексеру кезінде одан 30-дан астам ораманы тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткі таратушыны тұрғындардың қырағылығының арқасында ұстау мүмкін болып отыр. Қолға түскен жігіттің айтуынша, ол орамалардың ішінде не бар екенін білмеген. Интернет арқылы тапсырысты қабылдап, айтқан жерлеріне пакеттерді таратып отырған.

"Есірткіге қатысы бар ма деп сұрағанда, жоқ, қобалжымай жұмыс істей бер",- деп айтты дейді ұсталған күдікті.

"Тексеру кезінде жігіттен 4 орама шықты, сондай-ақ, сөмкесінен тағы 34 пакетті алдық. Кейін есірткі орамаларын қайда тастағанын көрсетті. Ол азамат ҚР ҚК 296 бабының 2 тарауы бойынша қамауға алынды", - дейді СҚО ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Ал облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны есірткі сайттарының атауын ғимарат қабырғаларына салып жарнамалағаны үшін әкімшілік жазаға тартылады. Тәртіп сақшылары бойжеткенді қабырғаға жазып жатқан жерінен ұстады. Қыздың айтуынша, ол да тапсырысты интернет арқылы алған. Есірткі сайттарының 100-ге жуық сілтемесін таратып үлгеріпті. Енді ол 200 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. 

Соңғы жаңалықтар