CҚО-да аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында күннің 39 градусқа дейін ысуына байланысты құтқарушылар ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мәліметтеріне сүйене отырып, өңір аумағында ескерту жариялады.

Мамандардың айтуынша, 3 шілде күні кей жерлерде найзағай ойнайды.

Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Бұл күні де аптап ыстық сақталып, ауа температурасы 35-39 градусқа дейін жетеді. Яғни өрт шығу қаупі арта түспек.

Петропавлда да найзағай ойнап, 15-20 м/с жел тұрады. Күн 35-37 градусқа дейін ысиды.

Осыған байланысты СҚО ТЖД тиісті қауіпсіздік шараларын ұстануға кеңес береді. Төтенше жағдай бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 112 нөміріне хабарласуға болады.


Соңғы жаңалықтар