CҚО әкімі ерекше балалардың үйлеріне барып, мерекемен құттықтады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Халықаралық балаларды қорғау күні Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов мүмкіндігі шектеулі балаларды үйлеріне барып құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір басшысы Аружан Хасетова мен Софья Лукьянченконы мейраммен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

Аружан Хасетованың жасы 12-де. Жасөспірім Петропавлдағы қазақ мектеп-гимназиясында оқиды.

Мұғалімдерінің айтуынша, Аружан жауапты әрі ақылды оқушы. Күнделігінде тек төрт пен бес қана. Болашақта суретші болғысы келеді екен. Облыс әкімі білімге ұмтылған Аружанға мақтау айтты.

«Аружан, сені бүгінгі Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауға келдім. Сенің жақсы оқитыныңды білемін. Өз алдыңа үлкен мақсаттар қойып отырсың. Үлкен нәтижелерге қол жеткізесің деген сенімдемін», - деді Құмар Ақсақалов.

Өңір басшысы Софья Лукьянченконы да мейраммен құттықтады. Софья облыс әкіміне өзінің суреттері мен туындыларын көрсетті. Болашақта ол дизайнер болуды армандайды.

«Софья, сен өзіңе нақты мақсат қойып отырсың. Ұмтылып жатсың, жарайсың. Ерекше балалардың мәдениет және спорт салаларында биік белестерді бағындырған мысалдары көп. Тіпті АҚШ президенті Франклин Рузвельт те елді отырып басқарған. Сенің мақсатың айқын - дизайнер болу. Арманыңа жет», - деді Құмар Ақсақалов.

Ерекше балаларға әрдайым қамқорлық қажет. Құмар Ақсақалов бұдан былай мүмкіндігі шектеулі балаларға қала бойынша саяхат ұйымдастырып тұрмақ. Облыс әкімі Аружан мен Софьяны заманауи оқушылар сарайын аралауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар