Cirque du Soleil пандемияға байланысты банкротқа ұшырады

None
None
МОНРЕАЛЬ. ҚазАқпарат – Бірегей цирк шоуымен бүкіл әлемге танымал Cirque du Soleil банкротқа ұшырағанын жариялады. Бұл туралы Cirque du Soleil Entertainment Group компаниясының ресми сайтында жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас кеңсесі Канаданың Монреаль қаласында орналасқан цирк 1 млрд АҚШ долларынан асатын қарызын жаба алмай отыр. «Соңғы айларда коронавирус пандемиясына байланысты цирктің барлық шоулары жабылып, ешқандай табыс түспеді», - дейді Cirque du Soleil Entertainment Group басшысы Даниэль Ламарр.

CNN мәліметінше , компания басшылығы соңғы 36 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан цирк пен оның қызметкерлерінің болашағын сақтап қалу үшін барын салып жатыр. Цирк жабылып қалмау үшін қызметкерлердің 95% немесе 3,5 мың адам жұмыстан босатылмақ. Қысқартылған қызметкерлерді қолдау үшін 15 млн доллар бөлінеді. Компанияның мәлімдеуінше, қысқарту – уақытша шара. Цирк шоулар мен гастрольдік сапарларды бастағаннан кейін олардың басым бөлігі қайта жұмысқа қабылданады. Сондай-ақ, компания дайындалған бизнес-жоспарға сәйкес қайта құрылымдауға 300 миллион салуды жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар