Циндао қаласында ШЫҰ жастар лагері ашылды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат -  Қытайдың шығысында  Шаньдун провинциясындағы теңіз жағасына орналасқан Циндао қаласында дүйсенбі күні Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ)  жастар лагері ашылды, деп хабарлайды Синьхуа.

Циндао мен Бейжіңде жексенбіге дейін созылатын бұл шараға ШЫҰ-ға мүше және бақылаушы елдерден келген 200 жас қатысады.

«Біз Циндаода  аталған шара ШЫҰ аясында жастар арасындағы өзара байланыстарды нығайтуға серпін береді деген сенімдеміз»,-деп атап өтті лагерьдің ашылу салтанатында Жалпықытайлық жастар федерациясы жауапты хатшысының орынбасары Дун Ся.

Бұл ШЫҰ-ның үшінші жастар лагері. 2015 жылы шілдеде  Уфада өткен ұйымның саммитінде Қытай бұл шараны бес жыл бойы өткізуге дайын екендігін мәлім еткен еді.

Салтанатты рәсім кезінде қатысушылар желкенді қайықтың атауын беріп, онымен суда жүзуді үйренді. Циндаода болған кезде олар Haier тұрмыстық техника,  TGOOD  электр көліктеріне қуат жүйесін шығаратын компанияарға және Циндао портына барады.

Сондай-ақ шара аясында панельдік пікірсайыс ұйымдастырылады. 

Соңғы жаңалықтар