Цифрлық түрлену дағдылы экономиканың тұрпатын өзгертеді - Елбасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәстүрлі сауда саласына жаңа технологиялардың енуі оның тиімділігін айтарлықтай көтерді. Бұл туралы бүгін XII Астана экономикалық форумы барысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цифрлық түрлену бізге дағдылы экономика тұрпатын өзгертеді. Бүгінде жаһандық экономикалық ландшафт жоғары технологиялық компаниялармен айқындалады. Мәселен, нарықтық құны бойынша ТОП-5 компанияны Apple, Google, Microsoft, Amazon, Vincent сынды технологиялық алып компаниялар құрап отыр. Олар дәстүрлі өнеркәсіптік және инвестициялық ірі компанияларды ығыстыра түсуде», - деді Елбасы.

Н.Назарбаевтың дерегінше, аталған бес компанияның жиынтық құны бүгінде шамамен 3,5 трлн долларды құрайды. Бұл кейбір дамыған мемлекеттердің жалпы ішкі өніміне тең. Мәселен, бүгінгі күні Германияның жалпы ішкі өнімі - 3,6 трлн доллар.

«Дәстүрлі сауда саласына жаңа технологиялардың енуі оның тиімділігін айтарлықтай көтерді. Айталық, болжамға сәйкес теріс факторлар болмаған жағдайда, сауда соғыстарын айтып отырмын, әлемдік сауда әлеуеті цифрландырудың арқасында 2030 жылға қарай жыл сайын 2 пайыздық өсім көрсететін болады», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Соңғы жаңалықтар