Цифрлық теxнологияларды қолдануға талап қою қажет - Бақытжан Сағынтаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев цифрландыру аясында мемлекеттік органдардың өзара байланысын күшейтіп, ақпараттық технологияларды қолдануды талап ететін нормаларды тездетіп бітіруді тапсырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы Мемлекет басшысының ерекше назарында. Оны жақсы білесіздер. Алдымызда маңызды міндеттер тұр. Осы бағдарламаны іске асыру аясында қосылған құнның көлемі өсіп, экономикалық шығындар қысқарады деген сенім бар. Елбасы бізді тыңдағанда осы бағыттарға баса назар аударып отырады», - деді Б.Сағынтаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Премьер-Министрдің айтуынша, бір жылдың ішінде оң динамика байқалып отыр. Алайда жұмыс барысында бірқатар мәселелер анық көрінді.

«Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар өзара байланыс ұстамайды, әрқайсысы өз бағыты бойынша жүргізіп жатыр. Бірге келісіп жасалып отырған жұмыстың деңгейі нақты көрінбейді. Яғни, бұл жерде бізге цифрландырудың әсерін бағалап, оған мониторинг жүргізіп отыру керек. Ал мониторинг жүргізудің негізгі әдістемесі жоқ. Әр орган өз түсінігі бойынша есептеуді жалғастыруда. Екіншіден, цифрлық теxнологияларды қолдануды талап ететін қажетті нормалар әлі толық жасалып біткен жоқ. Осыған байланысты, Дәурен Әскербекұлы (ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі - авт.), IT қауымдастықпен бірлесе отырып, осы жұмысты тездетіп бітіруді тапсырамын», - деп атап көрсетті Б.Сағынтаев.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру нәтижесі бойынша есеп берді.

Соңғы жаңалықтар