+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Цифрлық технологияларды террористік мақсатта қолданудың қаупі қандай

2019 жылғы 11 қараша 14:47
Бөлісіңіз:
Цифрлық технологияларды террористік мақсатта қолданудың қаупі қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Цифрлық технологияларды террористік мақсатта қолданудың қаупі жайлы «Astana Club» отырысында ресейлік ПИР орталығының төрағасы, генерал-лейтенант Евгений Бужинский пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Astana Club» саяси форумы аясында өткен брифингте тілшілер осындай сұрақты Евгений Бужинскийге қойып көрді.

«Егер киберқару туралы айтып отырған болсаңыздар, бұл әзірге беймәлім өріс. Сондықтан оған жақындаудың өзі қиын. Киберқарудың қауіпті күші ядролық қарудан асып кетуі мүмкіндейтін көптеген пікір бар. Бірақ бұл саланы қалай реттеу керектігін әлі ешкім білмейді. Өйткені ажырату өте қиын: террористер деген бұл мемлекет пе, мемлекеттік емес ұйымдардан тұратын топ па? Сондықтан, егер киберқару террористік мақсатта қолданылса, - ол, әрине, өте қорқынышты жағдай», - деді Евгений Бужинский журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол сондай-ақ «жасанды интеллект» сияқты цифрлық технологияға да тоқталды.

«Ол цифрлық қаруларға жақын. Зерттелмей жатыр. Сондықтан, бұл әлі игерілмеген кең дала секілді. Лаңкестік мақсатта пайдаланылса, оның зардабы ауыр болуы мүмкін», - деп толықтырды Евгений Бужинский.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда «Astana Club» саяси форумының бесінші отырысы өтіп жатыр. Отырыс барысында «Еуразия үшін 10 басты сын-қатер» тәуекелдер рейтингісінің екінші басылымының тұсауы кесілді. Форум жұмысына 40-қа тарта әлемдік беделді сарапшы мен саясаткер қатысуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT