Цифрлық мемлекеттік басқару жүйесі «көрінбейтін үкімет» форматына көшеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумында мемлекеттік басқаруды цифрландырудың сапалы жаңа форматына көшу қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маңызды басымдықтардың бірі - «Government to citizens», яғни азаматтарға қызмет көрсету саласы болып есептеледі. Біз цифрлық технологиялардың көмегімен азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетуге және барлық адамдар үшін тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге ниеттіміз», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент цифрлық технологиялардың арқасында мемлекеттік саясатты барынша қарапайым адамдарға бағдарлауға болатынын атап өтті.

«Бұл үшін мемлекеттік басқаруды цифрландырудың «Invisible Government» («көрінбейтін үкімет») сапалы жаңа форматына көшу қажет. Оның мәні – мемлекеттік саясаттың басты бағыты адамға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне бағытталған. Мемлекет қабылдаған шаралар мен шешімдердің көбі азаматқа көрінбейді, бірақ азамат нақты нәтижені көреді», -деп түсіндірдіҚасым-Жомарт Тоқаев.



Соңғы жаңалықтар