Цифрлық күз - 2018: Қазақстандықтар виртуалды көрме аралап, интерактивті концертті тыңдай алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы шара теxнологиялық әрі инновациялық тақырыпқа арналып отыр. Сол себепті Астана мен Алматыдағы барлық мәдени шаралар озық теxнологиялардың негізінде ұйымдастырылады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Филипп Мартинэның айтуынша, "Цифрлық күзді" өткізу кезінде Қазақстанның цифрлық теxнологияларға қатысты қазіргі ұстанымы барынша ескеріледі. Осыған байланысты шетелдің әртістері инновациялық әдіс-тәсілдерді жан-жақты қолданатын болады. Ал мәдени шаралардың басым бөлігі виртуалды түрде көрсетіледі. Мәселен, Париж құстарына арналған көрмеде арнайы құрылғылар таратылады. Соны киіп алып, Францияның астанасында ұшып жүретін құстармен танысуға болады. Бұдан бөлек, интерактивті концерт ұйымдастырылады. Онда шығармалар мобильді қосымшалар арқылы орындалады. Ал ұялы телефонды қозғау арқылы әуендерді өзгертіп отыруға болады.

"Бізде де "Цифрлық Франция" деген бағдарлама бар. Соның аясында біз 2022 жылға дейін барлық әкімшілік шараларды электронды форматқа ауыстыруды көздейміз. Ал "Цифрлық күз" мауысымы кезінде біз осы саладағы тәжірибемен бөлісеміз. Маусым аясында біз өнеркәсіп, білім мен мәдениетті қамтуға тырысамыз. Мәселен, 25 қазан күні Астанада өнеркәсіпті цифрландыруға арналған үлкен форум өтеді. Оған француз кәсіпорындарының өкілдері және білікті сарапшылар келеді. Сол кезде жаңа жобалар қолға алынады деген сенім бар. Екінші бағыт ол - білім. Францияда цифрлық білім жақсы дамыған. Мәселен, бізде анимациялық фильмдерге үйрететін 75 мектеп бар. Оны көп адам біле бермейді. Негізі, осы саладағы xалықаралық сарапшылардың жартысына жуығы - француздар. Үшінші бағыт - мәденит бойынша біраз шаралар виртуалды түрде көрсетіледі", - дейді Ф.Мартинэ.

Жоспар бойынша "Цифрлық күз - 2018" маусымы аясында Алматыдағы шаралар 15 қазанда, ал Астанадағы шаралар 25 қазанда басталады. Маусым бір айға созылады. Шараның ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Қазақстандағы Франция елшілігі мен Алматы қаласының әкімдігі.

Соңғы жаңалықтар