+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Цифрлық комиссарлар жасағы қалай жұмыс істеп жатыр

2020 жылғы 19 ақпан 18:41
Бөлісіңіз:
Цифрлық комиссарлар жасағы қалай жұмыс істеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев электронды түрде беріліп жатқан қызметтер туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жедел төлемдер жүйесін енгізу бойынша нормалар реттелді – заң жобасы Елордада қоғамдық орындарға бармастан қандай қызметтерді онлайн алуға болады Түркістан облысының 177 ауылында электронды құжат айналымы енгізіледі

«Біз Елбасының тапсырмасын орындап, мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын электронды түрде көрсету деңгейіне қол жеткіздік. Бұған ең алдымен «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңды қабылдау арқылы және «Smart Bridge» жобасының көмегімен жетіп отырмыз», - деді Асқар Жұмағалиев ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Министрдің айтуынша, құжаттардың орташа пакеті 30 пайызға азайып, мемлекеттік қызметтерді көрсету уақыты үш есе (31 күннен 10 күнге дейін) қысқарған.

«Күнделікті мемлекеттік қызметті алып жүріп, мұны бәріміз сезіндік деген ойдамын. Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін мекенжай анықтамасын мүлде алып тастадық. Арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында автокөлік иелері бұрынғыдай полиция қызметкерлерімен тікелей жұмыс істемейді. Әлі де идеялар мол. Сол үшін бұл бағыттағы жұмысты белсенді түрде жалғастыруымыз керек», - деді Асқар Жұмағалиев.

Министр сонгымен қатар мемлекеттік қызметті алушылардың кері байланысынан хабар алу үшін алғашқы рет цифрлық комиссарлар отряды құрылғанын, оның құрамына қоғам қайраткерлері мен блогерлер, журналистер кіргенін айтып өтті.

«Мемлекеттік қызметтерді қалай ыңғайлы етеміз деген сыңайда қазірге дейін 100-ге тарта пікір алдық. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасын орындап, мемлекеттік қызметтердің 90 пайызын электронды форматқа ауыстыруымыз керек», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT