04.06.2023 18:20 Цифрлық даму министрлігіне жаңа міндеттер жүктеледі АСТАНА. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне бірқатар жаңа құзырет берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.05.2023 20:30 Enbek HR мобильді қосымшасы іске қосылды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Enbek HR мобильді қосымшасы іске қосылды. Ол hr.enbek.kz (бұдан әрі – Портал) еңбек ресурстары порталымен толық синхрондалған, бұл жұмыскерлерге смартфон арқылы еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарттары туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді, делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
25.05.2023 01:41 Алматыдағы автоХҚО-ларда ұзын-сонар кезек неліктен қалыптасып жатыр АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы мен оның маңындағы елді мекендерде автодромдардың аз болуынан мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұзын-сонар кезек қалыптасып жатыр. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы филиалының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.05.2023 14:05 Алматылық оқушы қала тарихымен таныстыратын мобильдік қосымша жасады АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы №15 гимназияның оқушысы Тимур Қырбасов өлкенің тарихын зерттеуге арналған бірегей қосымша ойлап тапты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.05.2023 09:33 Автокөлік тарихын қалай тексеруге болады АСТАНА. ҚазАқпарат - «Автокөлік тарихы» онлайн сервисі іске қосылған сәттен қазақстандықтар 2 миллионнан астам көлік құралын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
20.05.2023 19:24 Еgov.kz платформаларының қызметінде іркіліс болады АСТАНА. ҚазАқпарат – Еgov.kz платформаларының жұмысында уақытша іркіліс болады. Бұл туралы «Электроны үкімет» Telegram-каналында мәлім етілді.
19.05.2023 20:32 Әлихан Смайылов Еуропаның IT университеттерін Қазақстанға шақырды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан 2025 жылға қарай кем дегенде 100 мың жоғары білікті IT-маман даярлауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Алматыда өткен «Еуропалық одақ – Орталық Азия» екінші экономикалық форумында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.05.2023 17:23 Жылдамдық асыратын жүргізушілерге қарсы жаңа жүйе енгізіліп жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде видеоталдау жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.05.2023 16:30 Электронды сот жүйесінде минут сайын 100-ден аса жаңа құжат қалыптастырылады АСТАНА. ҚазАқпарат – Электронды сот жүйесінде әр минут сайын 100-ден аса жаңа құжат қалыптастырылады. Бұл туралы ҚР Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.05.2023 15:33 Елімізде сот өндірісі автоматтандырылмақ АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда сот өндірісін үнемді жасау қолға алынады. Бұл туралы Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.05.2023 15:20 Цифрлық сот талдауы енгізіледі АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде цифрлық сот талдауы енгізіледі. Бұл туралы Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.05.2023 14:06 Енді еGov неке қиылған күннің мерейлі датасын еске салады АСТАНА. ҚазАқпарат – «Сізді некеңіздің алдағы мерейтойымен құттықтаймыз!» Мұндай құттықтау хабарламасы eGov Mobile қосымшасындағы push хабарламалары арқылы жіберіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қоғаммен байланыс басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
13.05.2023 09:25 Жұмысынан айырылуға байланысты төлем алуға өтінімді мобильдік қосымша арқылы беруге болады АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұмысынан айырылу бойынша төлем алуға өтінім беру мүмкіндігі екінші деңгейдегі банктер қосымшасында қол жетімді болды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
06.05.2023 23:20 Қазақстанда мүлік иелерінің бірлестігі алғаш рет онлайн тіркелді АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көп пәтерлі тұрғын үй алғаш болып мүлік иелерінің бірлестігін онлайн тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
05.05.2023 07:50 Екі медициналық анықтаманы онлайн алу мүмкіндігі пайда болды АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар eGov.kz пен eGov Mobile арқылы санаторий-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды және алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту үшін анықтама алуға өтінім бере алады. Бұл туралы ҚазАқпарат «Ұлттық ақпараттық технологиялар» Қоғаммен байланыс басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
03.05.2023 16:18 Ірі сауда орталықтары мен базарлардың қызметі цифрландыру арқылы бақылауға алынады АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздегі ірі сауда орталықтары мен базарлардың қызметін цифрландыру арқылы бақылауға алынады. Ол үшін арнайы ақпараттық жүйе құрылмақ. Бұл туралы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.05.2023 22:54 167 мың қазақстандық жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырды АСТАНА. ҚазАқпарат - ІІМ көрсетілетін қызметтерді қолжетімді және ашық ету мақсатында олардың кейбірін смартфондарға шығарды. Онлайн-қызметтер іске қосылған сәттен бастап оларды 7 миллионнан астам азамат пайдаланды, оның ішінде 167 мың адам жүргізуші куәлігін ауыстырған,-деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
02.05.2023 19:00 Емхана мен ауруханалардағы кезектер цифрландырылады АСТАНА. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Бейбіт Есенбаев емханалар мен ауруханалардағы ұзынсонар кезек мәселесін шешудің жолдарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.05.2023 15:56 Қазақстандықтар енді рецепт бойынша дәрілерді QR код арқылы алады АСТАНА. ҚазАқпарат – Енді қазақстандықтар дәрігер жазып берген рецепт қағазын тасып жүрмейді. Аталған қызмет QR код арқылы қолжетімді. Толығырақ Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.04.2023 18:36 NEET санатындағы жастармен жұмысты ұйымдастыруда жаңа әдістерді қолдану қажет - Біржан Әлімжан АСТАНА. ҚазАқпарат – NEET санатындағы жастармен атаулы жұмысты ұйымдастыруда мемлекеттік ақпараттық жүйелердің әлеуетін қолдану қажет. Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты Біржан Әлімжан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.