«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ресми сайты іске қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ресми сайты - digitalkz.kz іске қосылды. Бұл сайтта бағдарлама аясында енгізіліп жатқан жобалар туралы толық мағлұмат беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Цифрландыру бағдарламасын 2017 жылдың желтоқсанында Қазақстан Үкіметі бекітті. Ол 2018-2022 жылдарға арналған. Бұл бағдарлама сандық технологияларды қолдану арқылы ел экономикасын дамытуға және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

digitalkz.kz  сайтында бағдарламаның әр бағытына жеке бөлім арналған. «Жаңалықтар» бөлімінде жоспарлар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы, қазақстандық жобалардың тарихы туралы қызықты мақалалар оқуға болады.

Сонымен қатар, digitalkz.kz сайтының редакциясы әлемде болып жатқан цифрландыру процесі туралы, жаңа технологиялар енгізу бойынша басқа мемлекеттердің тәжірибесі жайында шетелдік БАҚ-тағы танымдық мақалаларды аударып, жариялайды.

«Байланыс» бөлімінде «Зерде» холдингінен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жобасының үйлестірушілері туралы ақпараттар бар. Қосымша ақпараттар алу үшін оларға хабарласуға болады.

Жаңа сайттың жұмысы бойынша сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар мен барлық мәселелерді мына электрондық поштаға жолдауға болады: [email protected].

Мемлекеттік бағдарламаның әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары:

 1.       https://www.facebook.com/digitalkz.kz/ (Фейсбук)

2.       @digitalkz.kz (Инстаграм)

3.       https://www.youtube.com/channel/UCehcOeWn8qKP8xnFN8s6mXQ (www.youtube.com каналы)

4.       https://t.me/digitalkzkz (Телеграмдағы каналы)

Соңғы жаңалықтар