Цифрлық Қазақстан: Асқар Жұмағалиевке Атыраудағы ақпараттық-аналитикалық жүйелер таныстырылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев Елбасының Жолдауының орындалуы барысын талқылау үшін Атырау облысы әкімімен кездесті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өз сөзінде Асқар Жұмағалиев Жолдау бөлімдеріне жеке тоқталды және оларды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы баяндады.

Вице-премьер жастардың назарын білім беру және инновацияларды дамыту саласындағы мүмкіндіктерге аударды. Және оларды мемлекет барынша қолайлы жағдай жасаған кезде белсенді болып, өз мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды.
null 

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өз сөзінде өңір тұрғындары Елбасы Жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін атап өтті.

Жұмыс сапары барысында Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған бірқатар жобалармен танысты. Соның ішінде «Батыс транзит» ЖШС-ның Атырау қаласындағы және қала маңындағы ауылдық округтерде көшелерді «ақылды» жарықтандыру жобасы бар.

Асқар Жұмағалиев атыраулық «Білім-инновация» лицейінде болып, EduPage электронды журналы, сандық кітапхана, цифрлық білім беру ресурстары, сондай-ақ оқу үдерісін цифрландыру шеңберінде жүргізілген жұмыстармен танысты.

Айта кету керек, облыстың орта білім беру мекемелерінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, 12 облыстық колледж автоматтандырылған жүйеге қосылған. Келесі жылы «Қауіпсіз мектеп» жүйесін енгізу жоспарланып отыр, студенттерді мектепке қабылдауды автоматтандыру үшін жұмыс жүргізілуде. Қазіргі кезде 183 мектеп электронды журнал мен күнделік жүйесіне қосылған, 163 балабақша жолдама берудің автоматтандырылған жүйесіне ауысты.

Бұдан кейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев №3 қалалық емханада болып қайтты. Ол ақпараттық-аналитикалық жүйе, емханалардағы электронды кезек, сондай-ақ денсаулық сақтау секторын цифрландыру үдерісімен танысты, сондай-ақ мобильді қосымшаларға қолжетімділікті тексерді.

Ол цифрландыру медицина қызметкерлері мен медицина ұйымдары арасында ақпарат алмасуға жақсы қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта облыстың 34 медициналық ұйымында 15 мыңнан астам адам қолданатын мобильді қосымша бар.

Сапардың соңында Премьер-Министрдің орынбасары «Ембімұнайгаз» АҚ бас кеңсесінде болды, онда «Ғаламдық интеллектуалды алаң» пилоттық жобасын талқылауға қатысты.

Соңғы жаңалықтар