Цифрлық карта 80 критерий бойынша отбасының әл-ауқатын анықтайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтың төрағалығымен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-да өткен көшпелі кеңесте «Отбасының цифрлық картасының» мүмкіндіктер талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға орталық мемлекеттік органдардың жетекшлері мен олардың орынбасарлары қатысты.

Жиналыс барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылдың 1 қаңтарында ОЦК жұмыс режимінде іске қосылғаны туралы хабардар етті.

Онда отбасының әл-ауқатының деңгейін анықтайтын 80 критерий ұсынылған, оның көмегімен азаматтарға қандай көмек қажет екені анықталады.

Сонымен қатар, министр 2022 жылдың 1 қыркүйегінде пилоттық режимде қосылған ОЦК-ның тәжірибесін бөлісті.

Жалпы апробация кезеңінен бері мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін проактивті форматта барлығы 77 мың SMS-хабарлама жіберіліп, 30 мыңға жуық төлем тағайындалды.

«Орталық мемлекеттік органдардан бастап әр аудан мен ауылға дейін барлық деңгейде тынымсыз жұмыстар жүргізілді. Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер тек кімге, қашан және қандай көмек қажет екенін анықтап қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік тәуекелдерді алдын алу брйынша шаралар қабылдай алады», - деп хабарлады ЕХӘҚМ басшысы.

Жиналысға қатысушылар ОЦК-ның пилоттық кезеңінде анықталған статистикалық көрсеткіштер мен деректерді талқылап, сондай-ақ бірлескен ортақ жұмыстарды өткізуге келісті.

«Орталық мемлеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың жұмысын синхрондау үдерісін жалғастырып, ақпаратты уақтылы жаңартып түру керек. Отбасының цифрлық картасы тәуекелдердің алдын алуда, жедел әрекет етуде және шешім қабылдауда тиімді құралға айналуы тиіс», - деді Алтай Көлгінов.

Фото: gov.kz

Соңғы жаңалықтар