Цифрлық даму министрлігіне активтер мен майнинг саласын реттеу құзыреті берілмек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне цифрлық активтер мен майнингті реттеу үшін қосымша құзырет берілуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзгеріске сәйкес, енді аталған ведомстова мына құзыреттер беріледі:

- азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтерін көрсетуге ақы төлеу мөлшерін ҚР Әділет министрлігімен және монополияға қарсы органмен айқындау;

- цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

- цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларды береді;

- салық салу үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту;

- цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту және жүргізу;

- қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;

- цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және оның тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;

- қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналысы жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру процестерін бағалауды жүзеге асыру.

«Бұл нормалар «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық активтер және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы шеңберінде толықтырылды және 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі», - деп түсіндірме берілген қаулыға.

Құжат 30 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.


Соңғы жаңалықтар