Цифрлық даму министрі байланыс операторларына салынған айыппұл туралы айтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин сапасыз интернет бойынша байланыс операторларына салынған айыппұл еселеп өскенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері, яғни жаңа айыппұлдар енгізілмей тұрғанда, қыркүйекке дейін 700-ге жуық тексеру болды. Осы орайда 180 миллион теңге айыппұл салынды. Қыркүйек айынан бастап айыппұл сомасы едәуір өсті. Бұрын екінші қайталап талаптарды бұзғаны үшін айыппұл 150 АЕК болса, қазір 1500 АЕК-ке жетті. Қыркүйек айынан бері қазірге дейін 300-ге жуық тексеру жүргізіліп, 300 миллион теңге шамасында айыппұл салынды», - деді Б.Мусин Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бұл бағытта қадағалау күшейтілмек, сондай-ақ заңнамалық бастамалар ұсынылатын болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстандағы ұялы байланыс нарығына жаңа оператор қосылуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар