Цифрлық білім беру ресурстары мобильдік құрылғыларға бейімделеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Цифрлық білім беру ресурстары мобильдік құрылғыларға бейімделеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқу процесін цифрландыру аясында пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін одан әрі жетілдіру мақсатында: электронды білім ресурстарының сурдоаударма және аудио сүйемелдеу арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолжетімді болуын қамтамасыз етуді; цифрлық білім беру ресурстарын мобильдік құрылғыларға бейімдеуді жалғастырамыз», - деді Ғани Бейсембаев.

Осы ретте ол министрлік алдындағы барлық тапсырма сапалы орындалатындығын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы іске асыру Министрлік алдындағы басты міндет. Сондықтан бұл іс-шараларды іске асыруға барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар