Цифрландыруға жауапты вице-министрлер елордада өтетін IT- форумда сұрақтарға жауап береді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Цифрландыру жөніндегі вице-министрлер 24-25 қазанда Нұр-Сұлтанда өтетін Digital Bridge халықаралық технологиялық форумында бас қосады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Astana Hub баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға Денсаулық сақтау Вице-министрі - Олжас Әбішев, Білім және ғылым вице - министрі Рүстем Биғари, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі - Нариман Мұқышев, Қаржы вице - министрі - Руслан Еңсебаев, сандық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылай Оспанов қатысады. Олар Digital Bridge форумында Қазақстанның сандық трансформацияны талқылайды.

Сессия Astana Hub IT-стартаптарының халықаралық технопаркінде өтеді және 5 CDO Open Talks деп аталады. Сандық трансформацияға жауап беретін менеджерлерді CDO немесе Chief Digital Officer атайды.

Сессияның 90 минуты нарықпен ынтымақтастықтың табысты тәжірибесін де, сондай-ақ бүгін мемлекет алдында тұрған қиындықтарды талқылауға арналады. Вице-министрлер IT-қоғамдастықпен бірлесіп сандық жобаларды іске асыруда мемлекеттік органдардың ІТ-нарығымен ынтымақтастығының табысты кейстерін талқылады, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ағымдағы жобаларын іске асырудың қиыншылығы және ІТ-нарыққа мемлекетке қалай көмектеседі деген мәселелер қаралады.

Форум ұйымдастырушыларының хабарлауынша, оған қатысушылар вице-министрлерге кез келген сұрақтарды қойып, сандық шешімдер арқылы азаматтардың өмірін жақсарту туралы идеялармен бөлісе алады.

24-25 қазанда Нұр-Сұлтанда Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы - медиа және мәдениет салаларындағы идеялармен алмасу алаңы өтеді.

Форум аясында бірнеше сессия өткізу жоспарлануда, олардың арасында Next Tech Entrepreneur Forum, Digital Qazaqstan Forum, QazTech Forum, Astana Hub Battle және Astana Hub Awards бар.

Еске сала кетсек, қыркүйек айының соңында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қоғам қайраткерлері, журналистер мен блогерлерден құралған Цифрлық комиссарлар тобын құрды.

Соңғы жаңалықтар