Цифрландыру салықтық түсімдерді ұлғайтуда маңызды болды - Әлихан Смайылов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен жылы республикалық бюджет шығыстары 99,8 пайызға орындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстыру кезінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кірістер 2,3 пайызға артығымен орындалды. Бюджетке 5,8 трлн теңге түсті. Салықтар 2017 жылмен салыстырғанда, 17,5 пайызға өсіп, 846 млрд теңге көлемінде бюджетке қосымша жиналды. Шығыстар 99,8 пайызға орындалып, 9,6 трлн теңгеге атқарылды. Республикалық бюджеттің әлеуметтік шығыстарының үлесі 44 пайыз болып қалыптасты», - деді Премьер-Министрінің бірінші орынбасары ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, бюджет тапшылығы 729 млрд теңгені құрады. Ол жоспардан 17,5 пайызға төмен және Жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,2 пайыз.

«Салық-кеден саласындағы әкімшілендіруді әрі қарай цифрландыру - салықтық түсімдердің көлемін ұлғайтуда басты рөл атқарды. Цифрландырудағы басты мақсат - тауарлардың қозғалыс цикліне тікелей мониторинг жасау, яғни импорттан бастап, олардың тұтынушыларға сатылуына дейінгі процесті қамту», - деді Әлихан Смайылов.

Соңғы жаңалықтар