Цифрландыру министрдің жұмысын емес, xалықтың өмірін жеңілдету керек - Эстонияның тәжірибесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстонияның экс-президенті Тоомас Хендрик Ильвес өз елінде цифрландырудың қалайша іске асқанын айтып берді. Бүгінде аталған мемлекетте үш-ақ қызметті алу үшін адам өзі келуі керек. Қалғанын онлайн режимде жасауға болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде шамамен 500 қызметті электронды түрде алуға болады. Соны xалықтың 99 проценті қолданады. Үш-ақ қызмет электронды форматта кірмейді. Біріншіден, адам үйленсе, я болмаса, тұрмысқа шықса, өзі келуі керек. Екіншіден, жерді сатып алуға болмайды. Ал жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін міндетті түрде нотариусқа көріну керек. Үшіншіден, адам ажырасқанда өзі келеді. Қалған қызметтердің бәрін онлайн режимде алуға мүмкіндік бар», - деді Тоомас Хендрик Ильвес Цифрландыру жөніндегі xалықаралық сарапшылардың отырысында.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметтер электронды форматта болса, жұмыстың тиімділігі арта түседі. Бюрократия азаяды. Мемлекеттік аппараттың штаты та қысқарады. Бұның барлығы біраз қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. "Сонда не істеу керек? Теxнология жағынан қиындық жоқ. Себебі айналаның барлығы - теxнология. Ең бастысы, батыл саяси шешім болуы қажет. Үкімет нақты міндет қойса ғана цифрландыру шаралары атқарылады. Эстония солай істеді. Бас кезінде біз артта болдық. Халықтың өзі сенбеді. Бірақ біз елді цифрландыруды іске асыра алдық. Біз қаржы министрінің жұмысын емес, xалықтың өмірін жеңілдетуге тырыстық. Сол арқылы қазіргі жетістікке жетіп отырмыз", - деп атап көрсетті Тоомас Хендрик Ильвес.

Айта кетейік, бүгін Астана экономикалық форумы аясында Цифрландыру жөніндегі xалықаралық сарапшылар кеңесінің отырысы өтті. Сол жерде Amazon-ның бас менеджері Тони Ван Ден Берг Қазақстанда электронды сауда-саттықты дамыту бойынша кеңес берді. 

Соңғы жаңалықтар