Цифрландыру мәселесінде бірлесіп әрекет ету керек - Сағынтаев

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумында баяндама жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бақытжан Сағынтаев баяндамасында цифрлық күн тәртібіне байланысты Қазақстан тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті.

«Біз цифрлық күн тәртібінде осымен екінші жыл өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан электронды қызмет көрсетуді 10 жыл бұрын бастады. Біздің мақсатымыз - мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын электронды форматқа көшіру. Инфрақұрылым үшін Қазақстан аумағы өте үлкен. Біз ауылдарды кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуді 2020 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Халықты цифрлық қызмет түріне тарту керек, оны қолдану сәнге айналуы керек.

Біз мектеп қабырғасынан математиктер мен бағдарламашыларды әзірлеп, жоғары оқу орындарын осы салаға бағыттап жатырмыз. Инновация керек, сол үшін біз шетелдік әріптестермен қарым-қатынас орнатамыз, әсіресе цифрландыру мәселесінде бірге әрекет ету маңызды. Сөз жоқ, әр мемлекет өзінше дамиды, дегенмен, ең маңыздысы - форумнан кейін цифрландыру саласында ынтымақтаса алуымызда болып отыр», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Баяндамасында ҚР Премьер-Министрі елімізде технологиялық кәсіпкерлікке жағдай жасалып отырғанын айтты.

«ЭКСПО аумағында IT-хаб жұмысын жарты жылдан кейін іске қосамыз. Ол туралы шешім қабылданды, заң шығарылды. Ағылшын құқығындағы Астана халықаралық қаржы орталығы туралы конситуциялық заң қабылданды, біздің IT-хаб осы орталыққа қосылды. Біз оған әлемнің дарынды адамдарын тартқымыз келеді. Сонымен қатар, біз киберқауіпсіздік туралы ұмытпауымыз керек. ЕАЭО мәселесіне келгенде біз келісімді әзірлеу барысында экономика құру саласында ғана интеграция орнатуға келіскенбіз. Бірақ, уақыт өте келе біз шекаралардың ашықтығана жетеміз, себебі, цифрлық платформада шектеу, шекара деген жоқ, осы ой мені жиі мазалайды», - деді Б.Сағынтаев.

ҚР Премьерінен кейін сөз алған Армения Үкіметінің басшысы Карен Карапетян 2030 жылы Армения мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасында 100 пайыз цифрландыруға өткелі отырғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар