Цифрландыру, ІТ, биотехнология, жасанды интеллект заманы келе жатыр - академик

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Президент жолдауы арқылы қоғамды жаңғыртуға қадам басқанын білдірді. Бұл туралы экономика ғылымдарының докторы, академик Оразалы Сәбденов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы Президент жолдауында бетбұрыс қадамдар, жаңа тың ұсыныстар бар. Жолдауды тереңірек қарасаңыз, Президент түбегейлі реформаға барғысы бар. Ой, идея, тапсырма берілген. Президент тіпті қоғамды жаңғыртуға бармақшы. Жаңа жолдау - революциялық идеялар жиынтығы. Алайда көрсетілген меже міндеттер халықпен бірге іске асуы керек. Әр адамның ынтасы, санасы өзгермесе басқасынан нәтиже аз болады», - деді ғалым.

Академик Жолдаудағы 11-тараудың ішінде ең маңыздысы ұлттық жаңа болмысына арналған тарау екенін айтты.

«Маңызы жағынан 11-тараудың ішінен ұлттың жаңа болмысына қатысты тарауға басымдық беріліп тұр. Жаңа заман басталды. Әлем күрт өзгерген. Ертең не боларын білмейміз. Тіпті G7, G20 елдері АҚШ-тан бастап өздері де дағдарыста. Алды 30 пайызға, Британия 20 пайызға шығынға батқан. Енді басқа пункттер алға шығады. Цифрландыру, интернет, ІТ, биотехнология, жасанды интеллект заманы келе жатыр. Дамыған мемлекеттерде 75 пайыздан жоғары кіріс интеллектуалдық еңбектен, 25 пайызы мұнай-газ материалдық саладан келіп жатыр. Мына жолдауда қайта өңдеуді тез дамыту, шикізат экономикасынан кету межесі қойылған. Экономиканы күшейтпесе қалғаны болмайды», - деді ол.

Айта кетейік, 2020 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.



Соңғы жаңалықтар