Цифрландыру: Ақмолалық компанияның еңбек өнімділігі 2 есеге ұлғайды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы «Атамекен-Агро» АҚ Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін цифрландырудан көш бастап тұр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне компания қызметкерлері айтып берді.

Компания басшыларының дерегі бойынша, қазіргі замаңғы технологияны енгізу бойынша соңғы 4 жылдың кәсіпорында еңбек өнімділігі 2 есеге ұлғайған.

Бүгінгі таңда «Атамекен-Агро» АҚ Қазақстанның үздік 15 ірі компаниясының қатарына кіреді. Компаняиының жер қорының көлемі 431 075 гектарды құрайды. Оның 327 620 гектары егістік алқапта да, 103 455 гектары жайлымдық жерлер. Компания еншісінде 5 мыңнан астам ірі қара және 1 мың 100 ауыл шаруашылығы техникасы бар.

«Ауыл шаруашылығы өнеркәсібі бойынша бүкіл әлемде экономикалық тұрақсыздық байқалады. Әсіресе, мұны Қазақстанның солтүстік өңірлерінде байқауға болады. Сондықтан, біз ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруде автоматты басқару жүйесін енгізуді қолға алдық.

2014 жылдан бері «Атамекен-Агро» АҚ ауыл шарушылығы өндірісін басқаруды автоматтандыру бойынша техникалық мүмкіндікті зерттеу жүргізіп, 2015 жылы жерді дистациялық зондтау және егінге спутниктік арқылы мониторинг (компании Geosys) жүргізу жүйесін енгізді. Ресей және шетел компанияларының бағдарламасын енгізу арқылы пилоттық жобаны іске қосты», деп түсіндірді компания өкілдері.

Алайда, пилоттық жоба шетелдің бағдарламалары белгілі бір мамандықтарға арналғанын көрсетті. Өндірістегі барлық процесстерді бақылау үшін компания әр түрлі бағдарламаларға жүгінді. Нәтижесінде 2016 жылы «Атамекен-Агро» АҚ қазақстандық

«Agrostream» компаниясымен бірлесіп ауыл шаруашылығы өнеркәсібін басқарудың біріңғай біріккен жүйесін әзірлеуді бастады.

«Біз бұл бағдарлама мен оның функцияларын өз компаниямызда әзірледік. Қазіргі кезде бізде бірнеше модуль бар. Оның бірі, Agroplan жоспарлау жүйесі. Онда жеке-технологиялық карта қалыптасқан және онда барлық операциялар енгізілде. Кейін барлық операциялардың тиімділігіне талдау жүргізіледі. Екіншісі Agrofact модулі. Мұнда спутниктік мониторинг арқылы техниканы, жүзеге асырылған процесстерді, сондай-ақ, тұқым мен химия тағы басқа шараларды бақылап отыруға болады.

Яғни, біз онлайн-режимде өзіміздің ауыл шаруашылығы техникалары, себілген дақылдардың дақылдардың түрлері мен гектарын бақылап отыра аламыз.

Мәселен, Agroplan 140 жоспарланған десе, біз 150 егілгенін және нормадан асқанын байқамыз. Бұл бағдарлама барлық кемшіліктерді жұмыстарды біткеннен кейін емес, онлайн-режимде бақылап отыруға мүмкіндік береді», - өзінің ойымен бөлісті компанияның бас агрономы міндетін атқарушы Константин Губанов.

Константин Губановтың айтуынша, өткен жылы астықты сақтау, қайта өңдеу сапасын және жалпы астықтың қозғалысын бақылап отыратын Астық Балансы модулі іске қосылды.

«Сан және сапа бойынша есеп жүргізіледі. Арнайы карточканы қолдану арқылы бұрынғыдай қағазбастылықтан құтылып, астық толық көлікті автоматты түрде өлшеуге болады. Барлық мәліметтер автоматты енгізіледі», - деп толықтырды К.Губанов.

Компания Agromap-тың тағы бір модулін пайдалануда. Бұл аграномға есеп жүргізуге, алқап туралы мәлімет, химиялық карта, метеорлогиялық карта, яғни, егіс жұмыстарын жүргізу үшін қажетті мәліметтерді алатын мобилді қосымша. Сонымен қатар, компанияның бас агрономы міндетін атқарушы спутникті бақылауға туралы да айтып өтті.

«Техникаларды арнайы қадағамен (датчик) жабдықтау арқылы  барлық комбайндардың қозғалысы мен барлық тетіктерінің жұмысын бақыланып отырады. Бұл жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», дейді К.Губанов.

Инвестиция салу және дақыл сапасын жақсарту арқылы астық  түсімі  500 мың тоннаға дейін артты. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 100 мың тонна немесе 25 пайыз көп.  Компанияның табысы 32 пайызға артып, 20, 9 миллиард теңгені құрады.

«Біз үшін әрине, цифрландырудың пайдасы зор. Автоматтандырудың нәтижесінде кейбір мәселелерге жедел назар аудару мүмкіндік алып отырмыз. Соңғы 3 жыл ішінде астық шығымдылығы артып, оң динамика байқалады», - деп қорытындылады К. Губанов.

Соңғы жаңалықтар