«Цифрға» көшу экономиканың көптеген секторын түбегейлі өзгертеді - экономист

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары Цифрлы экономика тақырыбын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық университет жанындағы Экономика және Бизнес жоғары мектебі факультетінде «Цифрлы экономика - стратегиясы мен жүзеге асыру механизмдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша экономиканың аспектілері жан-жақты талқыланды. Жиында басты баяндама жасаған экономика ғылымдарының докторы Саябек Тәттібекұлы цифрлы формат экономиканың көптеген секторын түбегейлі өзгертетінін айтты.

«Егер цифрландырудың алдыңғы кезеңі миллиондаған тұтынушылардың Интернетке қол жетімділігін кеңейтумен сипатталса, ал жаңа кезең-  цифрлық қызметтердің, өнімдер мен жүйелердің кең спектрін кибер-физикалық жүйеге біріктірумен ерекшеленеді. «Цифрға» көшу - экономиканың көптеген секторларын түбегейлі өзгертеді. Шын мәнінде, бүгін де барлық салаларды цифрландыру үрдісі жүріп жатыр», - деді Экономикалық зерттеу орталығының басшысы Саябек Тәттібекұлы.

Жас ғалым Айжан Өтеген криптовалютаны реттейтін мемлекеттік механизмдер тез арада іске қосылу қажеттігін айтты.

«Халықтың криптовалютаға қызығушылығы күн өткен сайын артуда, сауатсыздықтан көп адам алданып қалып жатыр. Соны реттейтін мемлекеттік механизмдер тез арада іске қосылуы тиіс»,- деді Айжан Өтеген.

Ол сөз сөзінде, соңғы уақытта қалыптасып келе жатқан цифрлық мәдениет пен блокчейн технологияларының маңыздылығын пайымдап, халықаралық валютаны криптовалютада құрудың қажеттілігін атап өтті.

Оның пікірінше, агроөнеркәсіптік кешендегі ауылшаруашылығын цифрлы технологиялармен қамтамасыз ету бүгінгі заман талабы. Баяндамашы Ардана Барбосын өз сөзінде агроөнеркәсіптік кешендегі әлемдік тенденцияларғатоқталды: 

«Цифрлық технологияларды жаппай енгізу, өнімділіктің өсуін қамтамасыз ету, олардың бәсекеге қабілеттілігін, дрондар мен сенсорлы топырақты пайдалану, ферма роботтары мен аналитикалық блокчейн платформалардыенгізу ауыл шаруашылығын дамытуға серпін береді. Осылайша, цифрландыру нәтижесінде шикізат саласында да, агоөнеркәсіптік кешенде де сыртқы нарықтарға отандық экспорттың өсуі қамтамасыз етілетін болады, бұл өз кезегінде ірі өндірістік компанияларды капиталдандырудың өсуіне әкеледі»,-  деді ол.

Дөңгелек үстелді қорытындылаған жас ғалым Ph.D докторы  Райгүл Досжан экономикалық зерттеу орталығында дайындалып жатқан «Цифрлы экономиканы әртараптандыру» деген оқулықтың жақын арада студенттер мен магистрант, докторанттарға ұсынылатынын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар