Чунциннің 70 жастағы тұрғыны 40 жылдан бері төрт романның кейіпкерлерін тастан қашауда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қаласының 70 жастағы тұрғыны Моу Дэндэнің сүйікті ісі - тастан мүсіндер қашау. Жас кезінен бері кітаптар мен кинофильмдерден шабыт алып, тас қалаушының дағдыларын пайдаланған Моу Дэндэ өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бері қытайлық классикалық төрт романның кейіпкерлерін тастан қашауда.

Синьхуаның хабарлауынша, шебердің қолынан «Үш патшалық», «Су бойында», «Батысқа саяхат» және «Қызыл сарайдағы түс» кейіпкерлерінің мүсіндері қаланды.

Ол осы кезге дейін 160-тан астам мүсін жасады. 40 жыл уақытын арнаған ісі оның өмірінің бір бөлігіне айналды.

Соңғы жаңалықтар