ЧЛ ширек финалы: «Реал Мадрид» өз алаңында «Ювентустан» жеңілді

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалында «Реал Мадрид» өз алаңында «Ювентус» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Италиялық қонақтар хорват шабуылшысы Марио Манджукичтің 2-минутта және 37-минутта баспен соққан қос голының арқасында бірінші таймды жеңіспен аяқтады.

Екінші таймда тағы бір гол соғып, жалпы есепті теңестірді. Өйткені Туриндегі алғашқы ойында мадридтіктер 0:3 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Содан кейін іс насырға шапты. Үш голдық айырмадан айырылып қалған алаң иелері бүкіл алаңда майдан шебін құрып, шабуылға шыға берді. Ал Аппенин түбегінің өкілдері қарымта шабуылға иек арта бастады. Ойындағы негізгі уақыт осылай аяқталды.

Қосымша 3 минут та аяқталар сәтте ақтық шабуылға шыққан «Реал Мадрид» ойыншылары қарсылас қорғаушыларын қателесуге мәжбүр етіп, пенальти тебетін болды. Оның үстіне, төрешіге өрескел дөрекі қатынас танытқан қақпашы Буффон қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Ал Криштиану Роналду 11 метрлік нүктеден мүлт кетпей, алаң иелерін жартылай финалға алып шықты.

Соңғы жаңалықтар