«China Daily Asia Weekly» апталығы кезекті санын Қазақстанға арнады (ФОТО)

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстан «China Daily Asia Weekly» апталығының «Жаңа көкжиектер: энергетикалық бай Қазақстан, Орталық Азия қақпасы, туристер мен бизнесті тарту үшін жаңа қадамдар жасауда» атауымен берілген басты тақырыбына (cover story) айналды.

Газеттің бес мақаласы біздің елімізге арналды. Оларда ҚР-ның экономикалық табыстары мен туристік әлеуеті туралы баяндалады.

«Бұл әлемде уранды өндіру бойынша ірі ел, посткеңестік кеңістікте мұнай өндіру бойынша Ресейден кейін екінші орында тұр (...) бизнесті жүргізудің жеңілдігі бойынша «Doing Business» рейтингісінің мемлекеттер «елулігіне» кіреді (...), Орталық Азия нарығында шетелдік инвесторлар үшін плацдарм ретінде сүйікті орнына айналды», - деп жазады басылым Қазақстанның экономикалық дамуы туралы.

Басылым беттерінде ҚР Үкіметінің туристік салаға 10 млрд. доллар қаржы салуды жоспарлап отырғаны, соның 6 миллиардын жекеменшік сектор есебінен қамтамасыз ету шамаланып отырғаны атап өтіледі. Бұл ретте туризмнің елдің ЖІӨ-дегі үлесі 2020 жылға қарай қазіргі 0,3 пайыздан 3 пайызға дейін өсуі тиіс. Туристік ағынды арттыру және Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия әріптестерімен байланыстарды кеңейтудегі үлкен рөл 2017 жылы Орталық Азияда алғаш рет өткізілетін ЭКСПО көрмесіне беріледі.

«Қазақстан 2017 жылды қытайлық туризм жылы деп жариялады. Елге 5 млн. турист келетіні, соның ішінде 5 мыңы - Қытайдан болатыны күтілуде. Орталық Азияның ірі экономикасы ҚХР туристері үшін 72 сағаттық визасыз режимді енгізу мүмкіндігін қарастыруда, осыған ұқсас жоспар Қытайдың басты он қаласында бірнеше жыл бұрын енгізілген», - делінеді материалда.

«China Daily Asia Weekly» ағымдағы жылдың шілде айында біржақты тәртіптегі ілкі режимде (бір жылға) он ел: АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, БАӘ, Корея Республикасы, Жапониямен визасыз режимді енгізуге байланысты туризмнің одан әрі дамуына және жалпы алғанда Қазақстан экономикасының болашағына сеніммен қарауда. Бұл ретте ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм департаментінің директоры Тимур Дүйсенғалиевтің келесі жылы олардың саны 84-ке дейін жететіні туралы айтқан сөздері келтірілген.

«Жаңа визасыз саясатты Қазақстанның халықаралық аренада өсіп жатқан сенімділігі ретінде түсіндіруге болады. Тұрақтылықты нығайту және экономикалық жетістіктер ҚР-ның өзінің ашықтығы мен қонақжайлылығын көрсету ниетін тудырады», - деді басылымға Әлемдік инфрақұрылымды дамытуды Зерттеу қорының президенті (Жапония), доктор Норио Ямамото.

Ол сондай-ақ Орталық Азияның барлық елдеріне (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан) және Қазақстанға бару үшін бірыңғай визаны енгізу Жібек жолы бойындағы туризмді дамытуда күшті ынталандыру тетігі бола алатыны туралы ойымен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар