Чилиде Вильяррика жанартауы оянды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чилиде Вильяррика жанартауы атқылай бастады. Жанартаудан атқылаған лава мен шоқтың биіктігі 1 шақырымға жетеді, деп жазады РИА Новости.

Чилидің өкілетті органынан хабарлағандай, жанартау соңғы рет 1985 жылы атқылаған.

2004 жылы жанартау әлсін-әлсін от шашып тұрған. Түнгі уақытта оның ернеуіндегі шоқ жақындағы Пукон қаласына көрінетін.

Соңғы жаңалықтар