Чилиде ұшақ тұрғын үйдің жанына құлап, 6 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Чилиде шағын ұшақ апатқа ұшырап, алты адам мерт болды, деп хабарлайды El Nacional басылымы.

"Архипелагос" компаниясының ұшағы Чилидің Лос-Лагос өңіріндегі рейсті орындаған. Әуе кемесі Пуэрто-Монт қаласындағы екі үйдің арасына құлаған. Олардың бірі түгелдей жанып кетті. Оқиға орнында құтқару қызметі лапылдаған жалынды сөндіруге әрекет жасап жатыр.

Бортта қанша адамның болғаны, сондай-ақ ұшақтың не себепті құлағаны жөнінде әзірге ақпарат түсе қойған жоқ.

Соңғы жаңалықтар