Чили президенті табиғатты сақтаудың төрт жолын ұсынды

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Чили Президенті Себастьян Пиньера адамзатты қоршаған ортаны аялауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Адам – санаоы жаратылыс, алайда ол өз планетасын жойып жібере алады. Осы қайшылықты біздер реттеуіміз керек. Климат өзгеріп жатыр, ол дәлелденген. Әңгіме оған сену және сенбеуде емес. Бұл тек биология ғана емес, ғылыми негіздегі мәселе. Сондықтан біздерге ғалымдардың айтқанына құлақ түруге тура келеді», - деді Себастьян Пиньера БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясында.

Оның айтуынша, соңғы бес жылда ауа райы өте ыстық болған. Мұны барлық көрсеткіштер анық көрсетті.

«Сондықтан біздің жұмысымызды өзгерту керек екендігіне шүбә жоқ. Табиғаттың жанайқайына құлақ түріп оны қорғауымыз керек. Планетамыз және табиғатымыз бізсіз де өмір сүре алады, алайд біз оларсыз құрып кетеміз. Қазір соңғы 800 жылдағы ең жоғарғы парник газдары мен ең ыстық температура тіркеліп отыр. Бізде екі жол ғана бар, ары қарай не боларын күту, немесе осы бағытымызды өзгерту, осыны баяғыда қолға алуға тиіс едік», - деп атап өтті Чили президенті.

Ол адамзаттың кері ықпалынан табиғатты қорғап қалудың төрт жолын атады.

«Біздің алдымызда екі жол бар, табиғатқа әсер ететін салдарды барынша жеңілдету және соған көндігу. Біз алға жылжу үшін, бірінші энергия өндіруде көмірсутектен толығымен бас тартуға тиіспіз. Екінші - қоғамдық көлікті реформалау арқылы электркөліктерге ауысу. Үшіншіден барлық секторда энергиялық тиімділікті сақтау. Төтріншіден ормандарды жаппай қалпына келтіру қажет», - деді С. Пиньера.

«Чили орманы бар әлемдегі елдің бірі, алайда оның көлемі азаймаған. Сонымен қатар, біз бір реттік қолданылатын заттардан бас тартуымыз керек, бізде қалдықты қайта-қайта пайдаланатын циркульяция экономикасы болуы тиіс. Чили осы жолмен келе жатыр. Бұл табиғатты қорғаудан айнымастық қана емес, бір-бірімізге деген дұрыс қарым-қатынастан айнымастық», - деді ол.

Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясында көтерілген басты тақырыптардың бірі адамзаттың жаһан климатына негативті әсерімен кұрес мәселесін талқылау болды.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама штаттарына жұмыс сапарымен барды.

Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысы Бас Ассамблеяның Жалпы пікірсайысында баяндама жасайды. Биыл аталған пікірсайыс «Кедейлікті жою, сапалы білім беруді және климатты сақтау іс-қимылдары мен жан-жақты тәсілдерді ілгерілету үшін көпжақты күш-жігерді шоғырландыру» тақырыбында өтеді

ҚР Президенті Нью-Йоркте өтетін Біріккен ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының 74-сессиясына қатысады. Сапар 5 күнге жалғасады деп жоспарланып отыр. Оның аясында көптеген шет мемлекеттердің басшыларымен екіжақты кездесулер өтеді.

Одан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, бірқатар мемлекет және Үкімет басшыларымен, халықаралық ұйым жетекшілерімен, америкалық бизнес, трансұлттық компания өкілдерімен, АҚШ-тың саяси әрі сарапшы топ мүшелерімен кездесуі жоспарланған.

Айта кетейік, Президенттің АҚШ-қа келуі қарсаңында америкалық беделді басылым «The Hill» газетінде оның мақаласы жарық көрді.

Біріккен ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының 74-сессиясы 17 қыркүйекте басталды.


Авторы Азамат Сыздықбаев



Соңғы жаңалықтар