Чили президенті: құрғақшылық ең жоғары деңгейге жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чили билігі елдің үш ұлттық саябағында орын алған ірі орман өрттеріне байланысты «қызыл» деңгейлі дабыл жариялады. Өрт жасы мың жылға жуықтайтын ағаштарға қауіп төндіруде. Бұл туралы Би-Би-Си хабарлайды.

Өрт сөндірушілер оңтүстікте сегіз жыл бойы құрғақшылықтан зардап шегіп отырған Араукания ауданында жалынмен күресіп жатыр.

Жалын мыңдаған гектарға, соның ішінде Андыда чилилік араукариялар немесе «маймылдың құпиясы» есімдерімен танымал көпғасырлық қарағай ағаштары өсетін саябаққа тараған.

Президент Мишель Бачелеттің айтуынша, елдегі құрғақшылық ең жоғары деңгейге жетті.

Соңғы жаңалықтар