Чили полициясы ел тарихында бұрын болмаған, салмағы екі тонна есірткі партиясын тәркіледі

2012 жылғы 31 қазан, 08:26
Чили полициясы ел тарихында бұрын болмаған, салмағы екі тонна  есірткі партиясын тәркіледі

АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Чили полициясы елдің тарихындағы салмағы 1,75 тонна ең ірі есірткі партиясын тәркіледі.

Бұл туралы сейсенбі күні оңтүстікамерикалық республиканың құқық қорғау органдарынан хабарлады.

Чили астанасы Сантьягода өткізілген арнайы операцияның барысында жедел қызметкерлер пияз салынған қаптар артылған екі жүк көлігінің ішінен марихуана, хлоргидрат және шикі кокаиннан тұратын жүкті анықтады. Тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымы күдігімен алты адамды ұстады. Тергеу есірткі жүгі шекараны елдің солтүстігінде кесіп өткенін шамалайды.

Теги:
Әлем  
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar