Чикагодағы көп қабатты үйде болған өрт салдарынан 5 адам зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чикаго қаласындағы (Иллинойс штаты) танымал көп қабатты ғимараттың 50-ші қабатында болған өрт салдарынан бұрын хабарланғандай, бір адам емес, бес адам зардап шекті. Бұл ақпаратты қаладағы Өртке қарсы қызмет басқармасы таратты, деп жазады ТАСС.

Оның мәліметтерінше, зардап шеккен үш адамның жағдай «тұрақты қанағаттанарлық». Тағы екеуі медициналық көмек көрсетілген соң өздерін жақсы сезінуде.

Өрт түтіні жергілікті уақыт бойынша сағат 14:30 шамасында Джон Хэнкок орталығының солтүстік-шығыс бұрышында байқалды. Жалын 45 минуттан кейін сөндірілді. Қазіргі кезде өрт сөндірушілер желдету жүйесін тексеруді аяқтап, жабық ғимараттағы түтінді жойып тастады.

Алдын ала қарап шығу қорытындылары бойынша қасақана өртеу нұсқасы жоққа шығарылды. Жалын пайда болған пәтердің сыртына таралған жоқ. Ғимарат іштен жанды, көрші пәтерлердің тұрғындарына қабаттағы жалпы жөндеу кезінде уақытша баспана ұсынылды.

Оқиға кезінде полицияға Мичиган-авенюдегі жердегі көлік қозғалысын уақытша жабуға тура келді.

Джон Хэнкок орталығы - Чикагоның көрікті жерлерінің бірі. Биіктігі 344 метр ғимараттың 100 қабаты бар, ол 1968 жылдың мамыр айында салынған. Сол кезде ол Нью-Йорктегі биік ғимараттарды есепке алмағанда әлемдегі ең биік ғимарат болып танылды. Қазіргі кезде биіктігі бойынша Чикагода төртінші және АҚШ-та жетінші орында тұр.

Соңғы жаңалықтар