Чикагода атысқан күдікті ер адам өмір бойына түрмеде отыруы мүмкін

None
Видеодан алынған кадр: abcnews.go.com
ЧИКАГО. ҚазАқпарат - 4 шілдеде АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Хайленд-паркте өткен парадта жаппай атысқа қатысты 21 жастағы күдіктіге І дәрежелі адам өлтіру қылмысының 7 пункті бойынша айып тағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News арнасына сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, күдікті Роберт Кримо III шерушілер мен қасындағыларға оқ атқан кезде 7 адам қаза тауып, кемінде 38 адам жарақат алған. Жетінші жәбірленуші сейсенбіде оқтан алған жарақатынан қайтыс болды.

Полицияның мәліметінше, қылмыскер жаппай адам өлтіруді бірнеше апта бойы жоспарланған. Ол кәсіпорын шатырына баспалдақпен шығып, сол жерден оқ атқан.

Қылмысқа АR-15 автоматы қолданылып, одан 70-тен астам оқ атылды. Кримо қаруды Иллинойс штатында заңды түрде сатып алды. Оның соңғы бір жыл ішінде барлығы бес тапанша мен екі мылтық сатып алғаны анықталды. Жас жігіт атыс біткеннен кейін адамдар арасында жасырыну үшін әйел киімін киген.

Кінәсі дәлелденсе, Роберт Кримо III түрмеге мерзімінен бұрын шығу құқығынсыз өмір бойы қамалуы мүмкін.

Мемлекеттік прокурор Эрик Райнхарт жәбірленушілердің тағы ондаған шағымы қаралып жатқанын айтты. Құзырлы органдар қылмыскерге ең жоғары жазаны іздейтін болады.


Соңғы жаңалықтар