Чикаго маңында шеруге қатысушыларға оқ атылды: 6 адам қаза болып, 20-сы жараланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Чикаго іргесіндегі Хайленд-парк елді мекенінде тәуелсіздік күніне орай өткен шеру кезінде белгісіз біреу адамдарға оқ жаудырып, 6 кісіні мерт қылды. 20-дан астам адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Қылмыс орнынан винтовка табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасай отырып.

«Тәртіп сақшылары қаскөйді іздестіріп жатыр. Қылмыс орнынан айғақ зат - винтовка табылды. Полиция қызметкерлері атыс болған жерге келді және оқиға болған ауданды қоршап тұр» делінген Хайленд-парктің ресми сайтында.

Шеру атыс дыбысы естілген соң-ақ тоқтатылған.

«Мен 20-25 рет арты-артынан оқ атылғанын естідім. Сондықтан бұл тапанша да, м ергендер қаруы да болуы мүмкін «деп пікір білдірген жергілікті тұрғын Майлз Заремски Chicago Sun-Times басылымына.

Хайленд-парк мэрі шеру тоқтатылғанын айтты және оған келген адамдардан қауіпсіз жерге бас сауғалауын сұрады.
Әлеуметтік желілерде оқиға орнына өте көп полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігі аттанғанын көрсететін фотолар жарияланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар