Chevron Қазақстан экономикасына 250 млн доллар инвестиция салады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев ел алдындағы есептік кездесуінде Chevron компаниясы құрған тікелей инвестициялық қордың көлемін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар 5,4 трлн теңгеге тауарлар сатып алып, қызметтер көрсетіп, жұмыс істеген. Соның 46 пайызы – қазақстандық қамту. 5,4 трлн теңгенің 78 пайызы «Теңізшевройл», «Қашаған» және «Қарашығанақ» компанияларына тиесілі. 15 пайызы «Самұрық Қазына» жүйесіндегі «ҚазМұнайгаз», KEGOC сияқты компанияларға, қалған 7 пайызы басқа компанияларға тиесілі», - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде.

Ведомство басшысы аталған бағыттағы шараларды ары қарай жалғастыру үшін Chevron компаниясымен нақты келісім жасалғанын еске салды.

«Chevron компаниясымен өзіне алған міндеті бойынша тікелей инвестциялық қор ұйымдастыру жөніндегі мәселелермен айналысып келе жатырмыз. Тікелей инвестициялық қорлар, яғни, 250 млн доллар бірінші кезекте ақпараттық технологияларды дамытуға, экологиялық мәселелерді шешуге және қазақстандық өнеркәсіпті дамытуға және қолдауға жұмсалады. Бұл мәселе қазір белсенді жүріп жатыр», - деді Энергетика министрі.


Соңғы жаңалықтар