Черногорияда суға батқан әйелдерді құтқарған қазақстандық қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Черногорияда суға батқан әйелдерді құтқарғысы келген 41 жастағы Қазақстан азаматы Таңат Смағұлов көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің «ҚазАқпарат» тілшісіне берген жауабына сәйкес, қайғылы оқиға 16 тамыз күні Ульцин қаласында болған.

«Ол Черногорияға достарымен демалу үшін барған. Сол кеште теңізде үлкен толқындар болды. Біздің отандасымыз суға ағып кеткен екі әйелді көріп, көмекке ұмтылған. Екі әйел де жағаға шықты, бірақ қазақстандықтың өзі судан шыға алмады», - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға орнына Қазақстан консулы барды және марқұмның жақындарымен байланыс орнатылды.

«Бүгін барлық қажетті құжаттар рәсімделді, марқұмның мәйіті ертең таңғы уақытта Петропавл қаласына жіберіледі», - деп мәлімдеді ҚР СІМ.

Соңғы жаңалықтар