Черногорияда президент сайлауының екінші кезеңіне өткен кандидаттар анықталды

None
Фото: Анадолы Агенттігі
БЕЛГРАД. АНАДОЛУ – ҚазАқпарат – Черногорияның іс басындағы президенті Мило Джуканович және «Еуропа қазір» қозғалысының өкілі Яков Милатович президент сайлауының екінші кезеңіне өтті. Мониторинг (CеMI) орталығы жексенбі күні еxit poll нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы-ға сілтеме жасап.

«Алдын ала нәтиже ретінде есептеуге мүмкіндік беретін бюллетеньдердің 69% саналғаннан кейін Мило Джуканович – 35,3%, Яков Милатович 28,8% дауыс жинады.

Осылайша, екінші турға оппозициялық партияның аталған осы екі кандидаты өтеді», - деп мәлім етті CeMI өкілі Ана Ненадич.

Черногорияның Сербиямен және Ресеймен түзу қарым-қатынасын жақтайтын «Сербия келешегі үшін коалициясынан» кандидат Андрия Мандич 19% дауыс алды.

Президент сайлауының екінші кезеңі 2 сәуірде өтеді.


Соңғы жаңалықтар