Чемпиондық титулдар, нокауттар: Қазақстандықтардың бокс кешіндегі нәтижелері

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Movida Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырған кәсіпқой бокс кешінде 12 қазақстандық жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Нұржан Серікбаев (1-0, 1 КО, Қазақстан) — Дүйсенбай Махамбетәлі (0-1, Қазақстан) — Серікбаев бірінші раундта қарсыласын техникалық нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.

Шынарбек Батинұлы (1-0, 1 КО, Қазақстан) — Адам Ұмаев (0-1, Қазақстан) — бірінші раундта оппонентін техникалық нокаутқа жіберген Батинұлы жеңіске жетті.

Адлан Селмұрзаев (5-0, 4 КО, Қазақстан) — Лаша Купатадзе (5-5-1, 2 КО, Грузия) —Селмұрзаева қарсыласын алтыншы раундта техникалық нокаутқа түсірді.

Әлихан Түленбаев (3-0, 2 КО, Қазақстан) — Нұртілеу Серік (0-1, Қазақстан) — Түленбаев бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Елхан Табынбаев (5-1, 3 КО, Қазақстан) — Матеус да Силва (8-0, 3 КО, Бразилия) —Силвы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңімпаз атанды. Жекпе-жек WBC Inter-Continental нұсқасы бойынша суперорта салмақтағы вакантты титул үшін өтті.

Арман Әшімов (0-0-1, Қазақстан) — Бухути Татиашвили (3-3-1, 1 КО, Грузия) — кездесу тең аяқталды.

Ангелина Лукас (3-0, 2 КО, Қазақстан) — Лулу Каяге (8-9-4, 2 КО, Танзания) —Лукас техникалық нокаутпен үшінші раундта жеңіске жетті. Айқас UBO-нің екінші аса жеңіл салмақтағы вакантты титул үшін өтті.

Еркебұлан Тоқтар (1-0, 1 КО, Қазақстан) — Амир Ярани (2-1, 2 КО, Иран) — Е.Тоқтар төртінші раундта қарсылан техникалық нокаутқа жіберді.

Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО, Қазақстан) — Луис Энрике Ромеро (11-6-1, 7 КО, Венесуэла) — IBO Inter-Continental нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы айқаста Жанқош Тұраров жеңіске жетті. Оппоненті жетінші раундта техникалық нокаутқа түсті.




Соңғы жаңалықтар