Чемпиондар лигасының жарыс кестесі жарияланды

None
None
НЬОН. ҚазАқпарат - УЕФА 2020/21 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының кестесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі 8 тамызда басталады. Топтық кезең 20 қазанда, ал плей-офф кезең 2021 жылдың 16 ақпанында өтеді. Ал доданың финалы 29 мамыр күні Ыстанбұлда өтеді.

Чемпиондар лигасының жарыс кестесі келесідей:

Іріктеу:

Алғашқы кезең - 8-11 тамыз

Бірінші іріктеу кезеңі - 18-19 тамыз

Екінші іріктеу кезеңі - 25-26 тамыз

Үшінші іріктеу кезеңі - 15-16 қыркүйек

Плей-офф - 22-30 қыркүйек

Топтық кезең:

1-тур - 20-21 қазан

2-тур - 27-28 қазан

3-тур - 3-4 қараша

4-тур - 24-25 қараша

5-тур - 1-2 желтоқсан

6-тур - 8-9 желтоқсан

Плей-офф:

1/8 финал - 16 ақпан,17 мамыр

1/4 финал - 6 сәуір, 14 сәуір

1/2 финал - 27 сәуір,

5 мамыр Финал - 29 мамыр (Ыстанбұл)
Соңғы жаңалықтар