Чемпиондар лигасының алғашқы раундында «Астана» қай командалармен кездесуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Швейцарияның Ньоне қаласында «Астана» командасы қатысатын Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу турына жеребе тарту өтуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта «Астана» командасы үшін ықтимал жоғары қарсыластарының қатары беске дейін қысқарды: «Судува» (Литва), ЧФР (Румыния), «Ференцварош» (Венгрия), «Нымме Калью» (Эстония), «Арарат-Армения» (Армения).

Айта кетейік, «Судуваның» бас жаттықтырушысы қазақстандық Владимир Чебурин, «Ференцварош» құрамында алматылық «Қайраттың» бұрынғы көшбасшысы ойнайды, сондай-ақ «Нымме Калью» өз уақытында «Ақтөбе» командасынан жеңіліс тапқан болатын. Кездесулер 9/10 және 16/17 шілде күндері өтеді.

Соңғы жаңалықтар