Чемпиондар лигасында қазақстандық бапкер күтпеген нәтиже көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық бапкер Владимир Чебурин және литвалық «Судува» командасы кипрлік АПОЭЛ-ге қарсы шығып, басым түсті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Бірінші матчта қазақстандық бапкердің командасы екі доп соғып, жеңіс тұғырына көтерілген. Ал командалардың қарсы кездесуінде АПОЭЛ Литва командасының қақпасына бір ғана гол салды. Бұл нәтижені таңғаларлық деп атауға болады, себебі Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде кипрлік командаға молырақ сенім артылған.

Айта кету керек, «Судуваның» құрамында Қазақстан чемпионатымен жақын таныс екі футболшы ойнайды. Литва клубының орта алағында «Қайраттың» экс-хавбегі Херсон Асевадо мен «Шахтер» клубының бұрынғы футболшысы Михрет Топчагин ойнайды.

Турнирдің келесі кезеңінде «Судува» командасы алаңға сербтік «Црвена Звездамен» шығады. Қарсылас команда бұған дейін латвиялық «Спартактан» басым түсіп, жеңімпаз атанған еді.

Соңғы жаңалықтар