+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Чемпиондар лигасы: Жарысты жалғастыратын 8 команда анықталды

2019 жылғы 11 желтоқсан 04:04
Бөлісіңіз:
Чемпиондар лигасы: Жарысты жалғастыратын 8 команда анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі соңғы турының алғашқы күнгі ойындары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бүкіләлемдік қар күні: елордалықтар қыс фестивалін атап өтті Конор Макгрегор  қарсыласы Дональд Серронені 40 секундта нокаутқа жіберді Баландин Бейжіңдегі Champions Swim Series  туринрінің 2-кезеңінде 4-орын алды

Бұдан бұрын Англияның «Ливерпуль» және Италияның «Наполи» командалары жарыстың келесі сатысына жолдама алғанын хабарлаған едік. Енді олардың қатарына тағы 6 команда қосылды.

Солардың бірі - F тобындағы Испанияның «Барселона» командасы бүгін сырт алаңда Италияның «Интерімен» кездесті. Айта кетерлігі, испандық клуб жарыстың келесі сатысына берілетін жолдаманы бір тур бұрын қалтаға басып қойды. Соған қарамастан соңғы турда жеңіске жету жолын іздеді. Олардың қатарынан 23-минутта Карлес Сайоль есеп ашқан еді. Оған 44-минутта «Интер» шабуылшысы Ромелу Лукаку бір голмен жауап қайырды. «Барселона» сапынан 86-минутта Ансумане Фати мергендік танытты. Кездесу барысында испандық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Аталмыш топтағы Германияның «Боруссия» (Дортмунд) клубы өз алаңында Чехияның «Славия» командасын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Аталмыш топтан «Барселона» мен «Боруссия» 1/8 финалға шықты.

Сондай-ақ, бүгін H тобында Англияның «Челси» клубы өз алаңында Францияның «Лилль» командасымен кездесті. Бұл ойында ағылшындық клуб сапынан 19-минутта Тэмми Абрахам есеп ашса, 35-минутта Сесар Аспиликуэта есепті ұлғайта түсті. Ал 78-минутта «Лилль» ойыншысы Лоик ресми есеп айырмасын қысқартты. Ойында «Челси» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Голландияның «Аякс» клубы өз алаңында Испанияның «Валенсия» командасынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Бұл топта «Валенсия» мен «Челси» жарысты жалғастыратын болды.

G тобында өз алаңында Португалияның «Бенфикасы» Ресейдің «Зенитін» 3:0 есебімен тізе бүктірсе, Францияның «Лионы» мен Германияның «Лейпцигі» 2:2 есебімен тең ойнады. Бұл топтан «Лейпциг» пен «Лион» жарыстың келесі сатысына шықты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT