+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Чемпиондар лигасы: Жартылай финалға шыққан алғашқы команда анықталды

2020 жылғы 13 тамыз 03:35
Бөлісіңіз:
Чемпиондар лигасы: Жартылай финалға шыққан алғашқы команда анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Чемпиондар лигасының ширек финалы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» алғашқы ұпайына қол жеткізді Футбол: «Қайрат» «Астанадан» 14 ұпайға ұзап кетті Футбол: «Атырау» мен «Ақтөбе» Премьер-лигаға қайта оралды

Естеріңізге сала кетелік, Чемпиондар лигасының қалған бөлігі Португалия астанасы - Лиссабон қаласында өтеді. Ол сегіздік финалы форматында болады. Ойындар - 12-23 тамыз аралығында.

Ширек финал «Аталанта» (Италия) және «Пари Сен-Жермен» (Франция) командалары арасындағы кездесуден басталды. Жанкүйерлер жеңіске франциялық клуб жетеді деген жорамал жасаған болатын. Десе де «Аталанта» оңай шағылатын жаңғақ емес екенін аңғартты.

Алғашқыда ойын тізгінін «Пари Сен-Жермен» ұстауға тырысты. «Аталанта» қарымта шабуылға шығуға назар аударды. Ойынның 26-минутында олардың қатарынан Мапио Пашалич гол соғып, өз командасын алға шығарды. Бірақ бұл есепті ойын соңына дейін ұстап тұра алған жоқ. Кездесудің тоқсан минут түгесілер тұсында «Пари Сен-Жермен» сапынан алдымен Маркиньос, одан кейін Эрик Шуло-Мотинг гол соғып кетті. Қарсыласынан 2:1 есебімен басым түскен «Пари Сен-Жермен» жартылай финалға жолдама алды. Бұл команда енді 18 тамызда «Лейпциг» (Германия), «Атлетико Мадрид» (Испания) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Енді 13-15 тамызда ширек финалдың қалған ойындары өткізіледі. Алдымен 13 тамызда «Лейпциг» (Германия), «Атлетико Мадрид» (Испания) командалары кездеседі, Ал 14 тамызда «Барселона» (Испания) мен «Бавария» (Германия), 15 тамызда «Манчестер Сити» (Англия) мен «Лион» (Франция) командалары шеберлік байқасады.

Жартылай финал 18-19, финал 23 тамыз күндері өткізіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT