Чемпиондар лигасы: «Ювентус» қарсыласына есе жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалында тағы екі ойын өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы жұпта Португалияның «Порту» клубы Италияның «Ювентусын» 2:1 есебімен сүріндірді. Бұл ойында португалиялық команда сапынан Мехди Тареми 2, Мусса Марега 46-минуттарда мергендігімен көзге түсті. Оған «Ювентус» сапынан 82-минутта Федерико Кьеза бір голмен жауап қайырды.

Испанияның «Севильясы» өз алаңында Германияның «Боруссия Дортмунд» клубынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Алаң иелері қатарынан Сусо 7, Люк де Йонг 84 минуттарда қақпаны дәл көздеді. Ал неміс клубынан Люк Эрлинг Холанд 27, 43-минуттарда қос голдың авторы атанса, тағы бір голды Махмуд Дауд соқты.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Чемпиондар лигасында тағы екі ойын өткізілген еді.

Сондай-ақ, бүгін UEFA Еуропа лигасының 1/16 финалының алғашқы ойындары болады.


Соңғы жаңалықтар