Чемпиондар лигасы: Топтық кезеңде ойнайтын командалар анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпиондар лигасында плей-офф раундының жауапты матчтары өтті. Олардың нәтижелері бойынша биылғы маусымда топтық кезеңде ойнайтын барлық клубтар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Бірінші себет: «Реал» (Испания), «Атлетико» (Испания), «Бавария» (Германия), «Барселона» (Испания), «Ювентус» (Италия), «ПСЖ» (Франция), «Манчестер Сити» (Англия), «Локомотив» (Ресей).
Екінші себет: «Боруссия» Дортмунд (Германия), «Порту» (Португалия), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Шахтер» (Украина), «Наполи» (Италия), «Тоттенхэм» (Англия), «Рома» (Италия), «Бенфика» (Португалия).
Үшінші себет: «Ливерпуль» (Англия), «Шальке 04» (Германия), «Лион» (Франция), «Монако» (Франция), «Аякс» (Нидерланды), ЦСКА (Ресей), ПСВ (Нидерланды), «Валенсия» (Испания).
Төртінші себет: «Виктория» Пльзень (Чехия), «Брюгге» (Бельгия), «Галатасарай» (Түркия), «Янг Бойз» (Швейцария), «Интер» (Италия), «Хоффенхайм» (Германия), АЕК (Греция), «Црвена Звезда» (Сербия).
Еске салайық, «Астана» Чемпиондар лигасындағы ойынын үшінші іріктеу кезеңінде аяқтады. Отандық команда хорватиялық «Динамоға» (Загреб) 0:3 есебімен жеңілген болатын. Енді қазақстандық клуб Еуропа лигасының тобына өту үшін кипрлік АПОЭЛ-мен бақ сынасады. Айта кетейік, өз алаңында өткен алғашқы матчта АПОЭЛ 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
ЧЛ топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі бүгін, 30 тамыз күні Монакода өтеді. Басталуы Астана уақытымен - сағат 18.00. Оның барысында 32 клуб 8 топқа бөлінетін болады.
- Елордада алғашқы Dream Cup балалар турнирі өтті
- Ақмолалық палуан қыздар республикалық турнирде топ жарды
- Токиодағы Паралимпиада билеттеріне сұраныс рекордтық - 3,1 млн-ға жетті
- Семейде қазақстандық футбол мұражайы жаңа жәдігерлермен толықты
-
Геннадий Головкин Қарағанды облысының әкімімен кездесті
-
Елордалық кішкентай теннисші Испанияда өткен турнирде топ жарды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам