Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» клубы турнирді жеңіспен бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі алғашқы тур аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жанкүйерлер 15 қыркүйекте А, В, С, D топтарындағы ойындарды тамашалады.

А тобында «Манчестер Сити» (Англия) өз алаңында Германияның «Лейпциг» командасын 6:3 есебімен тізе бүктірсе, «Брюгге» (Бельгия) мен «Пари Сен-Жермен» (Франция) 0:0 есебіне қанағат білдірді.

В тобында «Ливерпуль» (Англия) мен «Милан» (Италия) тартысты бәсеке өткізді. Ойында ағылшындар 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Ал «Атлетико Мадрид» (Испания) мен «Порту» (Португалия) 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Сондай-ақ, С тобында Түркияның «Бешикташ» клубы өз алаңында Германияның «Боруссия Дортмунд» командасына 1:2 есебімен жеңілсе, Португалияның «Спортингі» Нидерландының «Аяксына» 1:5 есебімен есе жіберді.

D тобында Молдованың «Шерифі» өз алаңында Украинаның «Шахтерін» 2:0 есебімен тізе бүктірсе, Италияның «Интері» Испанияның «Реал Мадридіне» 0:1 есебімен жол берді.

Енді екінші тур ойындары 28 және 29 қыркүйек күндері өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын 14 қыркүйекте E, F, G, H топтарында ойындар өткізілді.


Соңғы жаңалықтар