Чемпиондар лигасы: «Порту» шабуылдап, «Ливерпуль» гол соқты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Чемпиондар лигасы ширек финалында Португалияның «Порту» командасы өз алаңында Англияның «Ливерпуль» клубын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетерлігі, әзірге бұл ойында 1:0 есебімен «Ливерпуль» командасы жеңіп жатыр. Олар өз алаңында өткен алғашқы кездесуде 2:0 есебімен басым түскен болатын. Сондықтан жартылай финалға жолдама алуға бір табан жақын тұрған жайы бар. «Порту» жарыстың келесі сатысына шығуы үшін кем дегенде төрт гол соғуы тиіс.

Екі команда былтыр да Чемпиондар лигасы 1/8 финалында кездесті. Порту қаласында өткен ойында алаң иелері аталмыш қарсыласына 0:5 есебімен жол берген еді. Ал Англияда болған матчта есеп ашылған жоқ. Ағылшын жанкүйерлері өз командасынан өткен жылғыдай қарқынды ойын күткені анық.

Бүгінгі кездесуде португал футболшылары кездесу басынан қарқынды ойын көрсетуге тырысты. Алаңның барлық шебінен «Ливерпуль» қақпасына шабуыл жасады. Кейбір сәтте олар қақпаны дәл көздей алмай жатты. Есесіне ағылшындар 26-минутта алаң иелері қақпасынан саңылау тапты. Әріптесі Мохамед Салахтың пасын Садио Мане қақпаға бағыттады.

Бұл жұпта жеңімпаз атанған команда жартылай финалда Испанияның «Барселона» клубымен кездеседі. Испандық ұжым кеше Англияның «Манчестер Юнайтедін» 3:0 есебімен жеңген болатын. Аталмыш екі команда арасындағы алғашқы кездесуде де испан фтболшылары 1:0 есебімен басым түсті.

Соңғы жаңалықтар